фото ШПД
Шымкент қаласында шетелдік қонақтың жоғалған әмияны полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде қысқа уақыт ішінде табылып, иесіне қайтарылды. Оқиға Адырбеков көшесіндегі “Достық” қонақ үйі маңында болған.
АҚШ-тан келген Kealton James есімді азамат таксиде ақшасы мен жеке құжаттары салынған әмиянын ұмытып кеткенін хабарлаған. Шақырту түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы көлік анықталып, нәтижесінде жоғалған мүлік толықтай иесіне табысталды.
Шетелдік қонақ полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне жоғары баға беріп, қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, мегаполисте бейнебақылау жүйелері мен жедел әрекет ету тетіктерінің тиімді жұмысы азаматтар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.
