фото ШӨКҚ
⠀
Шымкент қаласында тұрғын үй қорын кеңейтуге және баспана кезегіндегі азаматтарды қолдауға бағытталған бағдарламалар аясында “Асар-2” шағынауданынан 30 отбасыға пәтер кілттері табысталды.⠀
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков салтанатты іс шарада баспаналы болған азаматтарды құттықтап, шаңырақтарынан шаттық кетпеуін тіледі.⠀
Бұл пәтерлер коммуналды тұрғын үй қорынан бөлініп, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға ұсынылып отыр. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар бар.⠀
Баспанасыздарды үймен қамту⠀жұмысы әлі де жалғасады. “Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу белгіленген талаптарға сәйкес, ашықтық пен әділдік қағидаттары негізінде жүргізіледі, бұл барлық үміткерлерге тең мүмкіндік береді” дейді сала мамандары.⠀
Игілікті іс қаланың тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға оң әсерін тигізуде.
