Бүгін облыс әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың қатысуымен мерейтойлық абонентке сыйлық тапсыру рәсімі өтті. Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісінің миллионыншы абоненті – Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Ақарыс ауылының тұрғыны Тамара Биназар болып шықты. Бағалы сыйлық ретінде HD форматындағы сұйықкристалды теледидарды қанжығасына байлаумен қатар, абонент «Толық» ақылы арналар топтамасына 12 ай мерзім тегін тамашалайтын болады.
Бүгінде отандық жерсеріктік оператордың абоненттер саны 1 000 000-ға жетті, ал бұл 4 миллионнан астам көрермен немесе республика халқының 23 пайызы. 5 жылда қол жеткізген нәтижелер «OTAU TV» жобасының жоғары тиімділігі мен Қазақстан халқының сұранысына ие екенін айғақтайды.