Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «жұмыспен қамтудың Жол картасын» жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп отыр. 2020 жылы ағдарламаны іске асыру үшін 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінді.
Айта кету керек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» аясында үлкен жұмыс атқарылды.
Бағдарлама аясында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды.
Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, «жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы арқасында арқасында тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі артып, халықтың әл-ауқаты жақсарып, жұмыссыздық азайып келеді.
«Бағдарламаның негізгі міндеттері: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын орындау, кадрлық әлеуетті дамыту. Биыл біз бұл салаға үлкен көңіл бөлеміз»,- деп атап өтті Амандық Баталов.
Мәселен, Баталов «жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 18 миллиард теңгеге 216 ауылдың жолы жөнделді. Еңбеккерлер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа алынып, ең азы 85 мың теңге жалақы алып отырды.
Осы бағдарламамен жұмысқа орналасқан Фархат Мансапбековтың айтуынша, «ЖҚЖК» олар үшін тамаша мүмкіндік болған.
«Мені жұмысқа шақырған кезде қатты қуандым. Өйткені, қазір ақша өте қажет. Жалақы да жақсы, жағдай да жақсы, ең бастысы, біз өз ауылымызға пайдамызды тигіземіз», – деді ол.
Алматы облысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бірнеше бағытта жүзеге асырылуда. Бұл: күрделі жөндеу, әлеуметтік нысандарды қайта жаңарту, елді-мекендерді абаттандыру, ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу. Сонымен қатар, мектеп ғимараттарын күрделі жөндеуге және емдеу амбулаторияларын салуға бірінші кезекте көңіл бөлінуде.
Яғни, бұл өңірдің әр-аудан қаласында «жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында кем дегенде 10 жоба іске асырылуда деген сөз.
Атап өту керек, аймақта бұл бағдарлама аясында жүздеген сәтті жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жетісулық жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, өңірде әлеуметтік маңызды нысандар саны артып келеді. Жетісуда «ЖҚЖК-2021»жобасын да белсенді дамыту жоспарланып отыр. Биыл тағы жеті мектептің құрылысы басталады. Оның алтауы үш ауысымды мектептердің орнына салынбақ.
Айман Асыл
Связанные истории
18.11.2024
24379
18.11.2024
22700