ОҚО ІІД ЕБҚКБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел іздестестіру іс-шарасы барысында есірткі затын сатты деген күдікпен 1975 жылы туылған Түркістан қаласының тұрғынын ұстады.Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізу кезінде жатын бөлмедегі көрпе астынан марихуана тектес есірткі затын тәркіледі. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 150 гр марихуана екені анықталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.