«DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 200-ден аса балаға мектепке қажетті жабдықтарын алып берді.
«DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі кәсіподаққа мүше әлеуметтік жағдайы төмен және материалдық қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін жасаған. Кейін сол тізім бойынша кәсіподаққа мүше отбасындағы 204 оқушыға сабаққа қажетті жабдықтар толтырылған сөмкелер таратылды.
Айта кетейік, бұл игі шара «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» атты акция аясында өткізілді. Шара аясында кәсіподақ атынан 2021-2022 оқу жылында 1-қыркүйек білім күні мектеп табалдырығын алғаш аттағалы жатқан оқушыларға арнайы оқу құралдары берілген.
«DENSAULYQ» кәсіподағы көмекке мұқтаж жандардың отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Қайырымдылық шарасы аясында кәсіподақ атынан жыл басынан бері 411 отбасыға материалдық көмек берілген.