Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері экологиялық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10-13 наурыз аралығында өткізген «Табиғатты қорғау — 2016» жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері жүргізген 3 күндік профилактикалық шара барысында табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін 12 экологиялық қылмыс анықталған. Оның ішінде, жер қойнауын өз бетінше пайдалану, балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алғаны және ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу жайттар анықталды.2016 жылдың 12 наурыз күні Сарыағаш ауданында полицейлер табиғатты қорғау инспекторларымен бірлесе жүргізген рейдтік шара кезінде 1987 және 1993 жылғы 2 жергілікті тұрғынды Сырдария өзенінде заңсыз балық аулап отыру барысында ұстады. Тәртіп сақшылары аңғақты зат ретінде ұсталғандардан қайық, балықшы қармағын және заңсыз ауланған 70кг шамасында балықты тәркіледі. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 335-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, іс-шара нәтижесінде 74 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 140 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Связанные истории
06.01.2025
6030
02.01.2025
18581