Шымкент қаласында 20 қараша күні «Асар-2» шағынауданында орналасқан тұрғын үйдің бесінші қабатынан жасөспірім қыздың секіріп кеткен туралы хабарланған еді. 16 жасар бойжеткен жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда ауыр жарақаттанған қызды құтқарып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер жасөспірімде бас-ми жарақаты, ішкі жарақаттар, ішкі қуыстардың жарақаты және ауыр дәрежедегі травматикалық шок болғанын айтады.
Лаура Нахыпқызы, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: «20 желтоқсан күні сағат түнгі 10:50 Асар шағынауданынан көпқабатты үйлердің бірінен жедел-жәрдем қызметіне қоңырау келіп түскен. Қоңырауда 2005 жылғы жасөспірімнің жоғарғы қабаттан құлап кеткені айтылған. Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері ауыр халде жасөспірімді Асардағы қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізді. Бірақ медициналық көмекке қарамастан жасөспірім бүгін сағат 11:15-те қайтыс болды».
Оқиға Қылмыстық Кодекстің 105-бабының 3-бөлігі, яғни кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тіркеліп отыр.