Жаңа жылмен құттықтаулар легі әлеуметтік желіде қызу жүрді күні кеше. Бірін бірі құттықтап, сан түрлі бейнебаяндар, жолдаулар жолданды. Әріптестердің чатында біреу «Атыс басталды…» деп жазыпты. Алғашында түсінбей қалғанымыз рас. Адамның ойына алдымен жаман нәрсе кіреді емес пе? Не болып қалды екен деген ой зу ете қалғаны рас. Сөйтсек отшашуды айтыпты ғой. Аспанға атылған отшашудан Шымкенттің түнгі түнегі түріліп, шырайы кіргені рас. Аспанға ұшқан қайран ақша дейсің мұндайда…
Биылғы қымбатшылық отшашу мен түрлі пиротехникалық заттарды да айналып өтпепті. Былтыр ғана аз ғана теңгеге сатып алатын арзандары биыл әжептеуір өскен. Ең арзаны 500 теңгеден басталып, «Чупа чупс» деп аталатын ракетасы 2 500 теңге, «Суық от» 1000, «Vip» деп аталатыны 22 000, «Бәйтерек» отшашу-ассортиі 200 000 теңгеге жетті. «Микимаус», «Юла бах» дегендері де арзан емес. Сонымен аспанға атылған ақшаларды санамалай беріңіз…
Сәруар Ақбердиев