Елдегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысында «Халық сақшылары» еріктілер жасағы құрылған болатын. Бүгінде қоғам белсенділері, танымал спортшылар мен спорт мектептерінің ұстаздары және өзге де сала мамандарынан құралған еріктілер жасағы өңірдің барлық аудан, қалаларында жұмыс атқарып жатыр. Олар елімізде жүргізіліп жатқан антитеррорлық операцияларды қолдайтындарын, және мәселені сабырмен шешу керектігін жеткізген болатын
Бүгінде Түркістан өңірі жастарынан құралған «Халық сақшылары» еріктілері облыстық полиция департаментінің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаруда. Еріктілер облыс арасындағы блок бекеттердегі сақшыларға ыстық тағам таратып жатыр. Сонымен бірге еріктілер тұрғындарды коменданттық тәртіпті сақтауға шақырып, елді мекендерде түсіндіру жұмыстарына да атсалысуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі