Әлеумет Омикронның шаш арқылы жұғуы мүмкін бе? Редактор 21.01.2022 10416 1 оқу мин WhatsApp мессенджерінде коронавирустың «омикрон» штамы адамнан адамға шаш арқылы жұғатыны туралы дыбыстық хабарлама тарауда. Алайда бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz. Алдымен Sars-CoV-2 вирусының басқа нұсқалары сияқты омикрон да адамның шашында болуы мүмкін екендігін атап өтейік. Алайда, мұндай бетте патогендер өте қысқа ғана уақыт өмір сүреді және осылайша ауру жұқтыруыңыз екіталай. Бұл тиісті ғылыми зерттеулермен расталған. – SARS-CoV-2 коронавирусы және оның барлық нұсқалары ауа-тамшы жолдарымен, тыныс алу, жөтелу және түшкіру арқылы беріледі. Сондықтан біз әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, бетперде тағу қажет деп айтамыз. Коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдістері вакцинация және ревакцинация болып табылады, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. Айта кетейік, ғалымдар үй жануарлары түгі арқылы вирусты таратуы мүмкін бе деген сұрақты да зерттеді. Нәтижесінде сарапшылар патогеннің бұл жолмен таралуы екіталай деген қорытындыға келді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 15679 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 24376 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 29584