Әлеумет Асхана ашамын деп 3 млн. теңгесінен айырылды Редактор 22.01.2022 16487 1 оқу мин Шымкенттік тұрғын алаяқтық жайтын ашқан тәртіп сақшыларына алғыс айтты Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, танысы асхана ашатын орын алып беремін деп, сенімін теріс пайдалану арқылы 3 млн теңгесін алған. Алайда арада біршама уақыт өтсе де телефонға жауап бермей ізін суытқан. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. Тәжірибелі мамандардан құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы азаматтың жеке басы анықталып, Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған азамат жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларына шынайы алғысын жеткізуде. Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуға шақырады. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6959 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 9720 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 6047