Әлеумет Құрылыс алаңында бетон плита жалдамалы жұмысшыны басып қалды Редактор 22.01.2022 8065 1 оқу мин Бүгін Шымкентте «112» Құтқару қызметінің пультіне бұрынғы көкөніс базасының аумағында бетон плита опырылып құлағаны туралы қамқоршы жолаушыдан хабар түсті. Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 6 құтқарушысы мен қызметкерлерінен тұратын жедел-құтқару жасағы Еңбекші ауданы, Сасбұқаев көшесі бойында аттанды. Келген құтқарушылар бұрынғы «Көкөніс базасы» аумағында «Кулиев» ЖК-не тиесілі сауда үйінің құрылысы кезінде 400 шаршы метр аумаққа бетон плиталардың төбесі опырылып түскенін анықтады. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тумасы 37 жастағы жалдамалы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Ол бетон плиталардың астында қалған. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері марқұмның денесін үйінді астынан шығарып алды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері, 6 қызметкер, 1 бірлік техника, ОСО-ның 1 кинологы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы жұмыс істеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 3083 Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 05.07.2025 9459 Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 1 оқу мин Әлеумет Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 04.07.2025 8295