Әлеумет Бойжеткен мен сүйіктісі отбасын түгел қырып салды Редактор 24.01.2022 13209 1 оқу мин Ресейдің Омбы облысы Юрьевка ауылында бүтін бір отбасы үйінде өлі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап. Қазақстан шекарасына жақын маңдағы ауылда 22 қаңтар таңертең 38 жастағы ер адам, оның 36 жастағы әйелі мен 10 жастағы мүгедек қызы үйінде өлі табылды. Отбасында тек 14 жастағы қыз бен оның 6 жасар інісі аман қалған. Бастапқыда 14 жастағы Анна тергеушілерге ата-анасы мен бауырын сақалды ер адам өлтіргенін айтып, тіпті қылмыскердің фотороботын жасауға көмектескен. Алайда көп ұзамай бүтін бір отбасын Аннаның өзі мен оның 17 жастағы сүйіктісі Александр қырып салғаны анықталды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Александр Аннадан бірнеше жас үлкен болған, сол себепті қыздың анасы мен өгей әкесі екеуінің кездесуіне қарсы болыпты. Ауыр қылмысқа әке-шешенің тыйымы себеп болуы мүмкін. Анна Александрға өгей әкесі оған тиіскенін айтқан. Осыдан кейін ғашықтар қыздың анасы мен өгей әкесін өлтіріп, кек алуды шешкен. Анна үйдің есігін әдейі ашық қалдырған. Жас жігіт түнде үйге пышақпен кірген. Александр алдымен қыздың анасын бауыздап, кейін ұйықтап жатқан өгей әкесін өлтірген. Бастапқыда олар Аннаның 10 жастағы сіңлісі мен 6 жасар інісін өлтірмейміз деп келіскен. Алайда сал ауруына шалдыққан 10 жастағы қыз ата-анасының денесін көріп, айғайлай бастаған. Осыдан кейін қыз да көз жұмды. Аннаның інісі тергеушілерге қылмыс кезінде әпкесі оның көзі мен құлағын жауып тұрғанын айтты. Алайда алты жасар бала бәрібір де бәрін көрген, естіген. Жауап алу кезінде Аннаның жігіті қыздың ата-анасын қалай өлтіргенін айтып берді. Сондай-ақ қылмыс жасаған қаруы мен қанға боялған киімін де көрсетті. Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6559 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8339 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5861