Әлеумет Қайрат Нұртас пен Айнұр Тұрсынбаева «Дикий Арманның» әрекетін неге қайталады? Редактор 26.01.2022 15350 1 оқу мин Көпшіліккке «Дикий Арман» атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің суретке көп жағдайда құрбандығын құрсауына алуға дайын жыртқышты бейнелеп түсетінін байқауға болады. Қылмыс әлемінің серкесімен дос отандық эстрада жұлдыздары мен спортшылар да «Дикийдің» әрекетін қайталап, естелік суретке «қасқырдың қарымын» бейнелеп түсуді дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды Экспресс К. Жұмагелдиевтің ең сүйікті белгісі — арлан қасқырдың қарымы. Мұндай бейнені танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның Арманмен бірге түскен суретінен де байқаймыз. Ақпарат құралдарында Жұмагелдиев пен ақынның жары Нұржан Иманәлиевтің жақын дос екені жазылған. Қасқырдың қарымын бейнелеудің бастауы көне түркі мифологиясында жатыр. Бұл ишара әсіресе «Дикий Арман» тұратын Түркияда кең таралған. Сонымен қатар, Жұмагелдиевтің кейбір суреттерінде «барыстың құрсауын» бейнелеп түсетінін атап өту керек. Оның достарының басым бөлігі көпшілік алдында Арманға құрметін білдіргенде осы белгіні көрсетеді. Мысалы, эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың Жұмагелдиевке сәлем жолдаған суретінде аталмыш белгі бейнеленген. instagram.com/armandzhumageldiev instagram.com/armandzhumageldiev «Барыстың құрсауын» бейнелеушілер арасында WBA super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик те бар. Украиналық былғары қолғап шебері суретке қазақи шапан мен қалпақ киіп түскен. instagram.com/armandzhumageldiev instagram.com/armandzhumageldiev «Дикий Арман» әлеуметтік желіде бұл белгілердің астарында не жатқанын ылғи айтып отырады. Оның пікірінше «барыс» — Қазақстанды, ал «қасқыр» — тұтас түркіні бейнелейді. Бұған дейін Жұмагелдиевтің адвокаты қаңтардағы бүлікті ұйымдастыруға қатысы бар деген айыптың кімдерге тағылғанын жазды. Сондай-ақ, Экспресс К Арманның ұлты қырғыз келіншегіне қандастары не жазғанын хабарлаған болатын. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 12494 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 14159 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 16737