Әлеумет Қазақстанның төрт облысында мұғалімдерге жоғары жалақы тағайындалуы мүмкін Редактор 27.01.2022 18763 1 оқу мин ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның алқа мәжілісінде Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарына үздік мұғалімдерді тарту бойынша қандай жоспарлар құрылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады. Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі — жоғары жалақы коэффиценті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу. Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған. ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Оның айтуынша, биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Колледждік білімге мемлекеттік тапсырыс көлемі де ұлғайтылады. Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады, бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға артық. Сондай-ақ, колледждерге олардың қамқорлығын ұйымдастыру және дуальды оқытуды кеңейту үшін кәсіпорындармен өзара іс-қимылды күшейту жоспарлануда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 35855 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34164 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 33156