Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың туыстары жиналып, өз шындықтарын айтты. Шымкенттегі тергеу изоляторының маңына тергеуді күтіп жатқандардың туыстары жиналды, деп хабарлайды orda.kz
Олардың қолдарында «Халық террорист емес», «Перзенттеріміз террорист емес» деген плакаттар болды. Әйелдер күйеулері мен ұлдарының заңсыз ұсталғанын алға тартады. Ботагөз Шерубаеваның ұлы ауруханада ұсталған. 5 қаңтарда жігіттің қолына оқ тиіп, ол Шымкенттегі 31 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Ол анасымен хат алысқан, тіпті анасы оған барған. 9 қаңтарда ауруханаға төрт тәртіп сақшысы келіп, жас жігіттің қолын қайырып, алып кеткен.
«ОЛ МАҒАН АЛҒАШЫНДА ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ ҮШ КҮН ҰСТАҒАНЫН, ОНЫМЕН ЕШКІМНІҢ КЕЗДЕСУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛМЕГЕНІН, КЕЙІН ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНА АУЫСТЫРЫЛҒАНЫН ЖӘНЕ АДВОКАТ ТАҒАЙЫНДАЛҒАНЫН АЙТТЫ. ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ ОҒАН 269-БАП (ҒИМАРАТТАРҒА, ҚҰРЫЛЫСТАРҒА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАУ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ БАСЫП АЛУ – РЕД.) АЙЫП ТАҒЫЛДЫ, ЕНДІ ОЛАР 255-БАПТЫ ДА (ТЕРРОРЛЫҚ АКТ – АВТ.) ҚОСЫП ЖАТЫР. ҚАРАПАЙЫМ ҚОЙШЫ ҒОЙ, ҚАЙДАҒЫ ТЕРРОРИСТ?! АЛҒАШЫНДА ОЛАР ТІПТІ ДӘРІГЕРГЕ ДЕ КӨРСЕТПЕДІ, ҚОЛЫНДАҒЫ ТАҢҒЫШ ТОЗЫП, ҚАП-ҚАРА БОЛЫП КЕТКЕН. АДВОКАТ ЕКЕУМІЗ КЕЛГЕН СОҢ ҒАНА ДӘРІГЕР ТАҢҒЫШТЫ АУЫСТЫРДЫ. БАЛАСЫ: «АНА, МЕН КІНӘЛІ ЕМЕСПІН, МЕНІ МҰНДА НЕГЕ ҰСТАЙДЫ? ДЕДІ» – ДЕЙДІ БОТАГӨЗ ШЕРУБАЕВА.
Гүлчехра Жанбосынованың ұлы да терроризмге қатысы бар деп айыпталған. Әйелдің айтуынша, 5 қаңтар күні сағат 22.00 шамасында оның ұлы автосалндағы жұмысынан қайтып келе жатқан, бірақ айқайды естіп, не болып жатқанын білуге барған. Әйел ұлының блогер екенін, іс-шараларды түсіретінін, монтажбен айналысатынын, сол себепті ол не болып жатқанын видеоға түсіргісі келгенін айтады.
«МЕНІҢ БАЛАМДЫ ТЕРРОРИСТ ДЕП АЙЫПТАП ЖАТЫР, ОЛ ОСЫ МИТИНГІЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТОПТЫҚ БАП БОЙЫНША АЙЫПТАЛЫП ЖАТЫР, БІРАҚ ОЛАРДЫҢ ҚОЛЫНДА ЕШҚАНДАЙ ДӘЛЕЛ, ДЕРЕК ЖОҚ. ЕШ СЕБЕПСІЗ АЛЫП, ТЕМІР ТОРҒА ТОҒЫТТЫ. МЕНІҢ ҰЛЫМ ТЕК МИТИНГІНІ ВИДЕОҒА ТҮСІРІП АЛҒАН. ОЛ ӨЗ БЛОГЫН ЖҮРГІЗІП, СОЛ АРҚЫЛЫ АҚША ТАБАДЫ. ОНЫҢ ҮСТІНЕ ОЛ АЛЫСТАН ТҮСІРГЕН. Ал Айгүл Құдайбергенованың ұлы кейін ұсталған. 4 қаңтарда жігіт митингіні түсіру үшін алаңға шыққан. Бірақ полиция оны тек 12 қаңтарда іздеп келген. Ол үйіне қайтып келе жатқанда ұсталып, автобуспен полиция бөліміне, одан кейін прокуратураға жеткізілген. Әйелдің айтуынша, тергеуші ұлын белгісіз қағаздарға қол қоюға мәжбүрлеген.
«МЕНІҢ БАЛАМА БЕС БАП БОЙЫНША, СОНЫҢ ІШІНДЕ 255-БАП (ТЕРРОРЛЫҚ АКТ – АВТ.) БОЙЫНША АЙЫП ТАҒЫЛУДА. БАЛАМ ҚАСЫНА ТЕРГЕУШІНІҢ КЕЛГЕНІН, ҚОЛЫНДА ҚАҒАЗДАРЫ БАРЫН, ТЕК АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАРДЫ ҒАНА ОҚЫП ҮЛГЕРГЕНІН, БІРАҚ БӘРІНЕ ҚОЛ ҚОЮҒА МӘЖБҮРЛЕГЕНІН АЙТТЫ. ОНЫҢ НЕГЕ ҚОЛ ҚОЙҒАНЫН ДА БІЛМЕЙМІЗ. ҰЛЫМА ҚАТЫСТЫ САНКЦИЯ ШЫҚТЫ, АЛ АДВОКАТҚА ТІПТІ ЕСКЕРТПЕГЕН ДЕ! ЖАЛПЫ ЕШҚАНДАЙ ЗАҢ САҚТАЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ! БІЗ ӘДІЛДІКТІ ҚАЛАЙМЫЗ!» – ДЕЙДІ АЙГҮЛ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА. Тергеу изоляторының жанына туыстары ұрлық жасады деп айыпталғандар да жиналды. Солардың бірі – Жансая Мырзалиева күйеуінің тоналған «Meтро» супермаркетінің маңында ұсталғанын, қолында ештеңе жоқ болса да оны алып кеткенін айтады. «ОНЫ ЕШ СЕБЕПСІЗ ҰСТАҒАН, ОЛ ВИДЕОҒА ДА ТҮСІРМЕГЕН, ТІПТІ ДӘЛЕЛДЕРІ ДЕ ЖОҚ. ОЛ МҰНДАЙ ІСТЕРГЕ АРАЛАСПАЙДЫ, ТЫНЫШ АДАМ. «ҰРЛЫҚ» БАБЫ БОЙЫНША АЙЫПТАЛЫП ОТЫР. ЖҰМЫСТАН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН. ОЛ : «МЕНІҢ ҚАТЫСЫМ ЖОҚ, ЕШТЕҢЕ ҰРЛАМАДЫМ» ДЕЙДІ. ОЛ ЕШ ВИДЕОДА ДА ЖОҚ, ОНЫҢ ҰРЫ ДЕП ҚАЛАЙ АЙТА АЛАДЫ? ҮЙДЕ БАЛАЛАР АУЫРЫП ЖАТЫР, ЖЫЛАП, ОНЫ ІЗДЕЙДІ. ӘДІЛДІК ТІЛЕЙМІН, ТӨРТ БАЛАМЫЗ БАР, КІШІСІ БІР ЖАСТА», – ДЕДІ ЖАНСАЯ МЫРЗАЛИЕВА.
Тергеу абақтысына қамалғандардың туыстарының наразылығына ешкім көңіл бөлген жоқ. Жақын маңда тергеу изоляторының қызметкерлері жүрді. Алайда шарасыз аналар мен әйелдермен тілдесуге ешкім шықпады. Жиналғандардың көпшілігінің жақсы адвокатқа ақшасы да жоқ. Олар жақындары үшін әділдік іздеуге ниетті екенін және күн сайын тергеу изоляторының алдына жиналуға дайын екенін айтады. Жалпы, Қазақстанда тек ресми деректер бойынша қаңтар оқиғасы кезінде 10 мыңға жуық адам ұсталған.