Әлеумет 22-ші қабаттан құлаған оқушы ғаламаттың күшімен аман қалды Редактор 30.01.2022 10462 1 оқу мин Мәскеудегі Бирюлево Восточное ауданындағы көпқабатты үйдің 22 қабатының балконынан құлаған сегізінші сынып оқушысы тірі қалды. Қазіргі таңда ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қыздың қалай құлағанын анықтауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Төтенше жағдай 29 қаңтарда Мәскеудегі Загорьевская көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы балконнан балконға көтерілуге тырысқан. Осы кезде қыздың қолынан құрбысы ұстап, сақтандырып тұрған. Бірақ қиын сәтте қызды құтқарып қалуға оның күші жетпеген. Алайда биіктікке қарамастан, жасөспірім қыз ғаламаттың күшімен ауыр жарақаттардан аман қалған, қазір ол Филатов ауруханасында дәрігерлердің бақылауында екен. Полицейлер мектеп оқушысын қауіпті әрекетке баруға не мәжбүр еткенін анықтап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, қыз психиатрдың есебінде тұрған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6559 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8339 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5861