Дубляж актері әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей өзінің «Дикий Арман» атымен танылған Арман Жұмагелдиевпен қалай танысқаны туралы айтты. Өзінің айтуынша, ол Арманның жақын досы емес, тек кезінде оның туған күнін жүргізіп берген, деп хабарлайды Экспресс К. Қайрат Әділгерей «кезінде Арманның қасында «маймылданып» жүрдің, неге қазір оған қолдау көрсетпейсің?» деген сұраққа жауап берді. «Жұрт мені Арманмен күнде сөйлесіп тұратын дос деп ойлап қалған сияқты. Негізі қатты араластығымыз жоқ. Мен тек былтыр оның туған күнін жүргізіп бердім. Сол кезде Дубайға бардық, туған күнін өткіздік. Кейін Арман кеме жалдап, Қазақстаннан барған бүкіл әртістерді қыдыртып, тамағын беріп, өлең-домбыра тыңдады. Содан кейін ұшып кеткенбіз», — дейді әзілкеш. instagram.com/kairat_adilgerey instagram.com/kairat_adilgerey Қайрат Әділгерейдің айтуынша, оны осы іс-шараны жүргізуге белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева шақырған. Бұл іске араласуға басында қорықтым. Себебі Арманды көбі біледі. Қандай саланың адамы екені де белгілі. Қауіп деген аяқ-асты ғой, қайдан келетінін білмейсің. Бірақ кейін оның жанашыр әрі мәрт екенін көрдім. Ақшаны бәрімізге шытырлатып таратты, — дейді Қайрат Әділгерей.