Әлеумет Хакер Түркістан облысының 40 мұғалімінің 17 млн. теңгесін тонап кеткен Редактор 07.02.2022 9123 1 оқу мин Қулық сұмдықты еркін меңгерген хакер өзінің жеке шотына 17 миллион теңгеден астам ақша аударған, деп хабарлайды Отырар. Шардара ІІД-на Шардара қаласындағы бірнеше мектептің шоттарынан, яғни мұғалімдердің жалақысынан бөтеннің есепшотына ірі көлемдегі ақшаның заңсыз аударылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полиция істі тергеуге кірісті. 24 сағат ішінде олар күдікті аккаунт пен оның иесінің жеке басын анықтады. Анықталғандай, күдікті Алматы қаласында болған, оны Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған. Белгілі болғандай, күдікті бұрын қаржы саласында жұмыс істеген. Өткен жылдың қыркүйек айында ол жұмысын тастап, Алматыға кеткен. Біраз уақыттан кейін жұмыссыз қалған ол «оңай жолмен» ақша табуға бел буады. Жеке деректерін пайдаланып, алаяқ өз есепшотына 40-тан астам мұғалімнің жалақысын аударған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асты. Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 16093 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 24585 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30155