Әлеумет Түркістан: Сарыағаштық шаруалар жылына 600 мың дана гүл өсіреді Редактор 14.02.2022 17756 1 оқу мин Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 80-ге жуық отбасы гүл өсiрумен айналысады. Дербісек ауылының тұрғындары қазіргі таңда үйіргелік жердегі жылыжайда гүлдің бірнеше түрін өсіруде. Былтыр шаруалар 600 мыңға жуық гүл өсірген, деп хабарлайды SAQ.kz. Ауыл тұрғыны Махат Әуешов гүл өсіру ісімен 20 жылдан бері айналысып келеді. Кәсіпкер 20 соттық жылыжай аумағында раушан, альстромерия, хризантема сынды сұрыпты гүлдерді өсіруде. «Гүл көшеттерін өсірудің өзіндік қиындықтары бар. Егілген гүлді әр 10-15 күн сайын суарып тұру керек. Жылыжайдағы қалыпты температура 10-15 градус жылылықта болуы шарт. Ал наурыз айының басынан бастап сабағынан қырқылған гүлдер сатылымға шығарыла бастайды. Мереке сайын көршілер мен ағайын-туысқа өз ауламызда өскен гүлдерді сыйға тартамыз. Бұл кез келген жанның көңіліне ерекше қуаныш сыйлайтыны анық», — дейді ол. Кәсіпкердің гүлдеріне деген сұраныс жоғары. Әсіресе Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан арнайы тапсырыс берушілердің қатары қалың. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 16093 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 24585 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30155