Әлеумет «Адамның сүйектері екі сөмкеге салынған»: Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды Редактор 15.02.2022 16360 1 оқу мин Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды. Қылмысқа қатысы болуы мүмкін екі адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы прокурор Мария Ирен Альварес мәлімдеген. «Ішіне адам сүйектерінің қалдықтары салынған екі сөмке табылды. Бұл Қазақстан азаматының дене бөлшектері екені белгілі болды», – деді прокурор Парагвайдың «Монументаль» радиосына берген сұхбатында. Өлер алдында жәбірленушіні қатты соққыға жыққан. Бір соққыдан оның жақ сүйегі сынған, деп қосты прокурор. Қазіргі таңда патологоанатомдар адам денесінің өлгенге дейін немесе өлтірілгеннен кейін бөлшектелгенін анықтауда. «Бірақ адам аса қатыгездікпен өлтірілген, өлімнің өте ауыр әрі қиын болғаны туралы нақты айтуға болады», – деді прокурор. Полиция Боливияның екі азаматын ұстады. Белгілі болғандай, олар марқұм тұрған үйдің бөлмелерін жалға алған. Прокуратураның хабарлауынша, боливиялықтар Парагвайға жәбірленушінің қарызын өтеуге келген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Минск қаласында Абай Құнанбайұлына арналған көрме ашылды 1 оқу мин Әлеумет Минск қаласында Абай Құнанбайұлына арналған көрме ашылды 27.08.2025 5335 Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Woosong» университетіне бөлінген грант иегерлері анықталды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Woosong» университетіне бөлінген грант иегерлері анықталды 27.08.2025 5702 2 млн. теңге төленбеген айыппұлы бар “Opel Vectra” маркалы автокөлігі анықталды 1 оқу мин Әлеумет 2 млн. теңге төленбеген айыппұлы бар “Opel Vectra” маркалы автокөлігі анықталды 23.08.2025 9549