Әлеумет Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін алып тастауға қатысты жауап берді Редактор 16.02.2022 14060 1 оқу мин Қазақстандықтар бұған дейін әлеуметтік желіде «Өзін-өзі тану» пәнін алып тастау туралы өтініш білдірген еді. Білім және ғылым министрлігі бұл пән неліктен жойылмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Zakon.kz сайтының арнайы сауалына Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова қол қойған жауабы келді. Онда «Өзін-өзі тану» пәні 20 жыл бойы адамгершілік пен руханиятты, білім беру жүйесі мен оқу процесінің барлық саласын қамтып кеткені айтылған. Бүгінде білім берудің барлық деңгейінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары аясында «Өзін-өзі тану» пәні 1-11-сыныптар аралығында инвариантты (міндетті) пән ретінде оқытылады.БҒМ баспасөз қызметі Ведомство үнемі жаңартылып отыратын мектеп бағдарламасына қатысты сынға да түсініктеме берді. Білім беру мазмұнын жаңарту «өмір бойына жақсы білім беру» ұғымынан «өмір бойы білім алу» қажет екенін түсінуге – білімнен құзіреттілікке өтуге бағытталған. Осыған байланысты қазіргі тенденцияларды және білім беруді жаңғыртуды ескере отырып, пәндер бойынша оқу бағдарламасын жетілдіру тұрақты жүзеге асып жатыр.БҒМ баспасөз қызметі Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазір студентке оқу жүктемесін азайту, жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуды күшейту, сонымен бірге студенттерді ерте әлеуметтендіру және кәсіптік бағдарлау мақсатында білім беруді жаңғырту ісі жүргізіліп жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 11654 Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Әлеумет Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 08.10.2025 13525 Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Үндістандық студенттерге пәтерін жалға бергені үшін сотқа тартылды 08.10.2025 12564