Әлеумет Инвестициялық штабта 7 жоба қаралды Редактор 18.02.2022 10855 1 оқу мин Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға жауапты сала жетекшілерi мен кәсіпкерлер және инвесторлар қатысты. Жиында шетелдік және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылатын 7 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды. ▪️Олардың бірі — жүкті әйелдерді тәулік бойы бақылайтын телемедицина орталығы. Инвестициялық жоба туралы польшалық инвестор Евгениуш Форманюк таныстырып өтті. Жобаның инвестициялық құны 1,44 млрд. теңгені құрайды. ▪️Онлайн арқылы байланысқа шыққан ивестордың бірі пакистандық кәсіпкер Шоаиб Басра. Ол құны 2 млн АҚШ доллары болатын мұздатқыш камералар мен қойма кешені жобасын таныстырды. ▪️Штабта бұдан бөлек, полимерлі құбырлар өндірісі, құлпынай мен көкөністерді жыл бойы өсіру бойынша жылыжай кешенінің құрылысы, емхана құрылысы, «Шымкент сити» аумағында сауда-ойын-сауық кешені сынды 5 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды. Барлық жобалардың жүзеге асырылу барысы мен мәселелері талқыланған жиында шаһар басшысы әкімдік тарапынан әрбір жобаның жүзеге асырылуы бойынша тиісті қолдау көрсетілуін және құжаттарының рәсімделуі бойынша сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 16093 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 24585 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30155