Шымкент қаласында ОҚО Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметкерлері білім беру басқармасымен бірлесе облыс орталығындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен 16-шы қалалық жас жол қозғалысы инспекторларының слетін өткізді. Аталған шараның негізгі мақсаты жол қауіпсіздігін сақтау, балалар мен жасөспірімдер арасында жол ережін сақтау, жол қозғалысындағы балалар жарақаттану жайттарын азайту болды. Жол жүру қауіпсіздігін сақтау еліміздегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Тәжірибенің көрсеткеніндей, жол-көлік оқиғасын тежеу алдымен жасөспірімдер арасында жол жүру қауіпсіздігінің алдын алудан басталады.Жас жол инспекторларының слеті – балалар жол-көлік апатының алдын алу, облыстағы жол апаттарының санын азайту және жол жүру ережісін сақтау, жас жүргіншілерге түсіндіруде өзіндік рөлге ие.Молда-Мұса атындағы №5 орта мектеп қабырғасында өткен жас жол инспекторлары слетіне құрамында 10 адамнан тұратын 16 команда қатысты. Командалар 7 сайыс бойынша бақ сынасты: сап түзу, ЖЖЕ сарапшысы, велосипедті мәнерлеп айдау, жол реттегіші, ғалымдар турнирі, жас санитар және «Скутер балаларға ойыншық емес!» байқау агитбригадасы. Жас қатысушылар жол қозғалысы ережелерінен білімдерін сынап, реттегіштің қимылдарын ұғыну, жол бағдарлау, ЖКО зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету, велосипедте мәнерлеп сырғанау бойынша сынға түсті. Сондай-ақ, қазылар алқасы байқауға қатысушылардың сыртқы келбеттерін, топ басшысының нұсқауын орындауын, саптық жүру және ән орындауларын қатаң бағалады.Байқау нәтижесінде 1-орынды №21 орта мектептің «Жас жол инспекторы» командасы иеленді. 2-орынды № 28 мектептің «Жалын» командасы, 3-орынды №5 орта мектептің «Жас жол сақшысы» командасы иеленді.Қалалық слетте бірінші орынды иеленген команда 2016 жылдың 13 мамырында ОҚО Түркістан қаласында өтетін облыстық жас жол инспекторлар слетіне қатысатын болады
Связанные истории
02.01.2025
11335