AM Best агенттігі (бұдан әрі-агенттік) «Халық-Life» АҚ (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылық рейтингісін «B+» деңгейінде және эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін «bbb –» деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжам «Позитивті» болды. «Халық-Life» АҚ теңгерімінің тұрақтылығын көрсететін рейтингтер AM Best Агенттігімен өте жоғары деңгейде бағаланады, сондай-ақ Компанияның адекватты операциялық көрсеткіштерін, шектеулі бизнес-бейінін және корпоративтік тәуекелдердің басқаруын көрсетеді. Позитивті болжамдар соңғы жылдары «Халық-Life» АҚ-ның операциялық қызметі көрсеткіштерінің жақсаруын көрсетеді, оған инвестициялардың қомақты кірістілігі ықпал етті. 2021 жылы компанияның меншікті капиталының табыстылығышамамен 24% – ды құрады. «Халық-Life» АҚ инвестициялық портфелі активтер класы бойынша салыстырмалы консервативті болып табылады, бұл ретте тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар, ақша қаражаты және банктік депозиттер 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша оның инвестицияларының шамамен 90% – ын құрайды. «Халық-Life» АҚ теңгерімінің тұрақтылығы 2021 жылдың соңындағы аудиттелмеген нормативтік кірістілікке негізделген Best’s Capital Adequacy Ratio (BCAR) капиталының жеткіліктілік көрсеткішіне сәйкес ең жоғары деңгейде бағаланатын тәуекелге түзетумен капиталдандырумен нығайтылады. Бұдан басқа, AM Best «Халық-Life» АҚ келешекте 2021 жылы өмірді сақтандыру портфелінің табысты өсуімен және операциялық шығыстарды бақылау үшін қабылданған шаралармен нығайтылған жоғары операциялық кірістілікке қол жеткізеді деп күтеді. «Бүгінде біз өмірді сақтандыру компаниялардың арасында шамамен 235 млрд теңге көлеміндегі активі бар ең ірі Компания болып табыламыз. Осылайша, өткен жылдың қорытындысы бойынша Компания 124 млрд теңгеден астам мөлшерде сақтандыру сыйлықақыларының ең үлкен көлемін жинады. A. M. Best халықаралық рейтингтік агенттігінің рейтингтері біздің Компаниямыздың ашықтығы мен айқындығын, ұстанымдарының тұрақтылығын, сондай-ақ өз міндеттемелерін толық көлемде және мерзімде орындау қабілетінің жоғары екендігін көрсетеді. Компанияның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі «BBB-» «позитивті» деңгейінде расталды және бұл жағдай бізді қуантады, өйткені бұл рейтинг Қазақстандағы өмірді сақтандыру компанияларының арасында ең жоғары болып табылады», – деп түсіндірді «Халық-Life» АҚ-ның Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова. Толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, оқуға болады: https://news.ambest.com/presscontent.aspx?altsrc=108&refnum=31824 Анықтама үшін: «A. M. Best» рейтингісінің тарихы 100 жылдан асады. Агенттік 1899 жылы құрылды. Қазір оның кеңселері АҚШ, Ұлыбритания және Гонконгта орналасқан. Best тәуелсіз рейтингі сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларына беріледі. Талдау компания теңгерімінің тұрақтылығын, жедел жұмысын және оның бизнес профилін толық көлемдік және сапалық бағалауға негізделген. Best сақтандырушысының рейтингтерін бере отырып, сақтандырушының ағымдағы басты қаржылық талаптарға жауап беру қабілетіне қатысты пікірін білдіреді.