Биыл Наурыз мерекесінде қазақстандықтар бес күн демалады. Көп адамның сонша уақыт үйде отырғысы келмейтіні анық, оның үстіне Алматыда ауа райы да жайлы болмайтын сияқты. Ал кейбір өңірде қыстың беті әлі қайтқан жоқ. Бір апта уақытты аса алыс емес әрі жылы өңірде қызықты өткізуді қаласаңыз, оңтүстіктегі көрші елге бағыт алуға болады. 16 наурызда Өзбекстан туристер үшін шекарасын ашты, деп хабарлайды kolesa.kz. Енді Ташкент, Самарқан, Бұхара, Хиуа қалаларын еркін аралауға мүмкіндік бар. Граница с Узбекистаном открылась. А не съездить ли на машине в Самарканд на Наурыз? ӨР Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан тұрғындарының өзбек жеріне құрлықтағы өткізу пункті арқылы өтуін шектейтін ереже күшін жойды. Сонымен қатар екі ел арасындағы теміржол және автобус қатынасы жанданды, ең бастысы карантин нормаларын сақтау қажет. Өзбекстанға баратын азаматтың вакцина алғанын растайтын сертификаты не тест нәтижесі болса, одан ПТР-тест тапсыру талап етілмейді. Анализ нәтижесі «COVID-19-сыз саяхатта» қосымшасындағы электронды QR-кодпен расталады. Оны App Store, Google Play немесе AppGallery арқылы жүктеп алуға болады.