Әлеумет Сынама ҰБТ тапсыру бағасы екі есеге арзандады Редактор 18.03.2022 13577 1 оқу мин ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Желіге шолу» айдарының қонақтары «Болашақ» бағдарламасына ресейлік университеттердің қосылуы, сынама ҰБТ бағасы мен жекеменшік мектепке құжат тарсыру туралы оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап берді. @marzhankb есімді желі қолданушы: «ЕНТ тапсыру тестлер бағасын 2 есеге түсіртемін деген сияқты еді білім министрі, бірақ әлі нәтижесін көріп тұрған жоқпыз 4230 теңге төлеп отырмыз наурызда тапсыратын ЕНТге»-деп жазыпты. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев министрдің тапсырмасы байқау ҰБТ-сына қатысты айтылғанын түсіндірді. Тапсырма орындалып, оның бағасы 2917 теңгеден 1458 теңгеге дейін, екі есе арзандады. Ал, қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ жоғары оқу орнында грант бойынша немесе ақылы бөлімде оқуға сертификат беретін болғандықтан науқанды өткізуге арнайы мемлекеттік комиссия мен Ұлттық тестілеу орталығының барлық қызметкерлері жұмылдырылады. Сол себепті бағасы жоғары. Алайда, министрдің тапсырмасынан кейін оның да бағасы қайта қаралып, 5640 теңгеден 4230 теңгеге дейін арзандады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 16561 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 24741 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30343