№1 Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті барлық меншік нысанындағы заңды тұлғаларға статистикалық есептерді белгіленген мерзімінде ұсыну қажеттігін ескертеді.
Респондент — статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімдері.2010 жылғы 19 наурыздағы (№257-IV ҚРЗ) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 17-бабына сәйкес респонденттер статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.Сонымен қатар, Сіздерді Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар (03.12.2015 ж. №432- V) енгізілуіне байланысты 01.01.2016ж. әкімшілік айыппұлдардың ұлғайғаны туралы хабарлаймыз.
497-бап. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну — ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау — жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он төрт, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
№ 2 Статистикалық есепті электронды түрде қабылдау туралы
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің http:/www.stat.gov.kz сайтында → Респонденттерге → Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау бөлімінде статистикалық есептерді, оның ішінде «Деректері жоқ» статистикалық нысандарды қоса, электрондық түрде тапсыруға мүмкіндік барын Сіздерге хабарлаймыз.«On-line» тәртібінде электрондық есепті тапсыру үшін, заңды тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Электронды цифрлы қолтаңбасын алу “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның ОҚО бойынша филиалы – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінде (бұдан әрі — “ААҮ” МК КЕ АҚ ОҚО бойынша “ХҚКО” департаменті) жүзеге асырылады. Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика департаментінің ғимаратында “ААҮ” мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ОҚО бойынша “ХҚКО” департаментінің бөлімшесі бар. №3 Жаңадан құрылған заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер үшін. Жаңадан құрылған заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде “Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу” 1-НП жалпымемлекеттік статистикалық нысанын статистика органдарына тапсыруы қажеттігі туралы ескертеді. Бұл нысанның негізінде кәсіпорынның қызмет түрі, қызметкерлер саны, нақты мекен-жайы және телефон нөмірі нақтыланады. Бұл процедура артық есептерді тапсырмау үшiн, сонымен бірге Сiздiң кәсiпорыныңыз белгіленген мерзімде есепті тапсырмаған жағдайда әкімшілік шараға түспеу үшін қажет.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сонымен қатар, Сіздерді Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар (03.12.2015 ж. №432- V) енгізілуіне байланысты 01.01.2016ж. әкімшілік айыппұлдардың ұлғайғаны туралы хабарлаймыз.