Әлеумет Полицейлер 7 тұрғынды алдап, сан соқтырған әйелді құрықтады Редактор 30.05.2022 7405 1 оқу мин Полицейлер 7 тұрғынды алдап, сан соқтырған әйелді құрықтады Бүгінде Үкімет тарапынан қолға алынған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды алаяқтар майшелпекке айналдырып алуға тырысуда. Олардың басым көпшілігі жасаған қылмыстарына орай, қолға түсіп жазасын өтеп те жатыр. Алайда оңай олжаға құныққандардың қатары азаяр емес. Дегенмен қарапайым азаматтардың құқығын қорғау басты орында тұрған кезеңде тәртіп сақшылары алаяқтардың адымын аштырмай, құрықтауда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне 7 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуларынша, таныс әйел кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп, уәде берген. Содан әр жәбірленушіден қомақты ақша алған соң, берген уәдесін орындамай созбалаңқылыққа салып жүрген. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 935 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол жәбірленушілермен алыс танысы арқылы танысқан. Күдіктінің мұндай қадамға қаржылай қажеттілік туындаған соң барғаны белгілі болды. Күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға алаяқтарға алданбауға кеңес беріп, түрлі ақпараттық ағарту жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Азаматтардың құқын қорғау басты назарда тұр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 1736 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 6614 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 4472