Әлеумет Құқық қорғаушылардың қырағылы… Редактор 01.06.2022 6038 1 оқу мин Түркістан облысында құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жетістіктер аз емес. Қоғам тыныштығын сақтау мен азаматтардың құқығын қорғауда басты роль ойнайтын тәртіп сақшыларының жұмысы бүгіне қиындай түскені анық. Өйткені ұрлық-қарлық, алаяқтық сынды қылмыс түрлері жыл жылжыған сайын артып келеді. Дегенмен өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайтын полицейлер қылмыстың алдын алуда күн-түн демей қызмет етіп жүр. Жұмыстары нәтижесіз де емес. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды жуырда. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның бағалы алтын сырғасын белгісіз жағдайда біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 150 000 теңге. Бағалы затының ұрланғанына сене алмаған кейуана ақыры амалсыздан полиция бөліміне шағымдануына тура келіпті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бабы бойынша тіркеуге алды. Оқиғаны естіген бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Полицейлер жиналған ақпарат көздеріне қарай қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде аталған ұрлық қылмысына қатысы бар күдікті арызданушының өзінің баласы болып шықты. Яғни, жәбірленушінің ішімдікке әуес ұлы ішімдік алу үшін өз үйіне ұрлыққа түсіп, анасының алтын әшекейін жымқырған. Ал қолды еткен алтын бұйымды көршісіне сатып жібермек болған. Десе де, тәртіп сақшыларының қырағылығы нәтижесінде жас жігіттен айғақты зат ретінде алтын сырға алынды. Күдікті өз істеген ісіне өкінішін білдіруде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оңай олжа орға жығатыны анық. Дегенмен оны елеп, ескермейтіндер көп. Құқық қорғаушылар өзгенің мүлкін қолды қылатындарды қашанда қалт жібермейді. Жұмыстарының нәтижелілігі де сондықтан. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 25.11.2024 3476 Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 33818 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 32251