Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық сотында, қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланып жатқанда жәбірленуші деп танылған Ш деген азамат өз орнынан тұрып кетіп, сотталушы мен тыңдаушыларды ұрып-соғып, сот приставының ескертуіне бағынбай дөрекі сөздер айтып, сотқа құрметтеумешілік білдірген. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сот отырысында, құқықбұзушы Ш. деген азамат өз кінәсін толығымен мойындап, сот мәжілісі залында үкім оқылуы барысында сотталушы өзіне күліп, қолын шошайтқанын, шыдамай орнынан тұрып, сотталушыны ұрғанын жоққа шығармай, соттан кешірім сұрады. Соттың қаулысымен азамат «Ш» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 653- бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 61 260 теңге айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.