Бүгін, Шымкент тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірегей жоба «Shymkent City» іскерлік және тұрғын үй кешені құрылыс жұмыстараның алғашқы отырысы өтті.
— Шымкент—келешектің қаласы атанады. Бүгін, қаламыздың әр тұрғыны осы бір тарихи сәттің куәгерлері болып отыр. Алдағы уақытта мына жазық жатқан далада барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген зәулім қалашық бой көтереді. Қала тұрғындары көшелері кең, ғимараттары еңселі осы қалашықпен мақтанатын болады», — деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.
Естеріңізге салар болсақ, шаһардың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған.
«Shymkent City» міне осы жобалардың жиынтық үлгісі деп айтуға болады. Себебі бұл шаһарлықтар үшін барлық жағдай жасалынған әмбебап іскерлік және тұрғын үй кешені болмақ.
Связанные истории
06.01.2025
6030
02.01.2025
18581