Бүгінде елімізде сал ауруына шалдыққан мүгедек балалар саны жыл жылжыған сайын көбейіп барады. Қазіргі таңда Қазақстанда 44 574 мүгедек бала бар болса, соның ішінде 10 000-нан астам балаға балалардың сал ауруы (ДЦП — детский церебральный паралич) диагнозы қойылған. Бұған экологияның ластануы, климаттың өзгеруі, дұрыс тамақтанбау, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы секілді түрлі факторлар әсер етіп отырғаны белгілі жәйт. Дәрігерлердің айтуынша, барынша шыдамдылық танытып, әдістемелік жүйемен емдеген жағдайда бұл аурудың салдарын түзетіп, баланы жүруге, сөйлеуге үйретуге және қоғамда өмір сүруге бейімдеуге болады екен. Туасы жарымжан балаларға бүгінде барынша жағдай жасалып келеді. Соның бір дәлеліндей жуырда Шымкент қалалық мамандандырылған бөбектер үйіне жаңа медициналық құрал-жабдық Жираф орындығы алынды. Жираф орындығы мекемеде БСА (балалар сал ауруы) диагнозымен тәрбиеленетін балаларға арнайы сатып алынған. Бұл орындаық баланың креслода оңтайлы жағдайымен отыру және омыртқаның мойын бөлігін қалпына келтіру үшін пайдаланылады. Мұның бәрі де мүгедек балаларды оңалтуға жасалып жатқан қадамдар. Алдағы уақытта аталмыш диагнозбен тіркелген балаларға басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алынбақ.
Связанные истории
06.01.2025
6030
02.01.2025
18581