Әлеумет «Кәсіпкерлікті қолдау қорынан ақша алып беремін» деп алаяқтық жасаған әйел ұсталды Редактор 04.06.2022 10766 1 оқу мин Адамдардың сеніміне кіріп, алаяқтық жасаушылардың қарасы көбейіп тұр. Дегенмен адам құқығы басты назарда тұрғандықтан, тәртіп сақшылары алаяқтардың жолын кесіп, алаяқтықтың алдын алуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, өзінің танысы «Кәсіпкерлікті қолдау қорынан қайтарымсыз 1 000 000 теңге алып беремін» — деп, сеніміне кіріп, 200 000 теңге ақшасын алған. Алайда берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай 1 жыл бойы созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жан-жақты іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктінің жүрген жері анықталып, Жетісай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті әйел жәбірленушіден алған ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Күдіктінің бұдан басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мұқият болуды және әртүрлі жәрдемақы алуда немесе жұмысқа орналасуда күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Және де аталмыш қылмыстардың алдын алуда ауқымды шаралар жүргізуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 16868 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25078 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30534