Әлеумет Полицейлер есірткі сақтаған егде жастағы ер адамды анықтады Редактор 14.06.2022 8241 1 оқу мин Есті алатын есірткі қылмысымен күрес ешуақытта да тоқтамақ емес. Ауыр қылмыс түрін жататынын білсе де кейбір азаматтар біле тұра заң бұзады. Есірткі қылмысымен күресу мақсатында полиция қызметкерлері күні түні дамыл таппай қызмет атқаруда. Түркістан облысына қарасты Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның есірткі затына ұқсас өсімдікті сақтап жүргенін анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде қағаз орамына оралған есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдікті тәркілеп алды. Аталған өсімдікті айғақты зат ретінде алып, сараптама тағайындады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен,сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол салмағы 5 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 07.09.2025 7062 Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 1 оқу мин Әлеумет Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 05.09.2025 8734 Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 04.09.2025 9026