Әлеумет Полицейлер заңсыз жұмыс істеп жүрген 40-қа жуық шетелдікті елден аластатты Редактор 14.06.2022 6104 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон желілерінің алдын-алу және оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында қарқынды қызмет етіп келеді. Сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон саласындағы заңнаманы сақталуы қатаң қадағалауға алынған. Осындай кезекті тексеріс кезінде елде заңсыз жүргендер анықталды. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы Ішкі Істер Департаменті Көші-қон қызметі тобы мен Ордабасы ауданының тәртіп сақшылары, Қайнар ауылының Оңтүстік беткейінде орналасқан тауық фермасының аумағында тиісті құжаттары болмаған 38 Тәжікстан Республикасының азаматтарын анықтады. Тексеру барысында аталған ферманың егесі шетелдіктерді Арыс ауданы аумағында кеурек өсімдігін теру үшін алып келіп, осында жұмыс күтіп жатқандығы белгілі болды. Қазақстандық шаруашылық егесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 518-бабының 2-бөлігімен «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар 38 Тәжікстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқашара көріліп, әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды. Ордабасы аудандық сотының шешіміне сәйкес бұл шетелдіктердің барлығы Қазақстан Республикасы аумағынан шеттетілді. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тек орын алған құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескерту жасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 12083 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 13724 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 16316