Әлеумет Әрбір қылмыстың өтеуі – жаза Редактор 16.06.2022 5878 1 оқу мин Полицейлер жүргізушінің телефонын жымқырған жолаушыны ұстады Өзгенін мүлкін жымқырып пайда таба қаламын дейтін теріс пиғылды жандар ақырын ойлап жатпайды. Әрине ұрлық үшін заң басынан сипамайды. Күні кеше ғана ұялы телефон ұрлаймын деп құрыққа ілікті. Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша «Opel vectra» маркалы автокөлігінде «Samsung A-11» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, ақпараттар жинақтады. Нәтижесінде күдіктінің жергілікті тұрғын екендігі белгілі болды. Анықталғандай күдікті ер адам жүргізушінің көлігіне жолаушы болып мінеді. Көлігінің арты орындығында тұрған ұялы телефонға көзі түседі. Жүргізушінің байқамай тұрғанын пайдаланып, ұрлық қылмысын жүзеге асырған. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып жібермек болған. Алайда тәртіп сақшыларының тиянақты жұмысының арқасында күдікті дер кезінде құрықталды. Ер адамнан айғақты зат ретінде ұялы телефон алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Пайдакүнемдік мақсатпен бөтен мүлікті жасырын ұрлау қылмыс болып саналады. Әрбір қылмыстың өтеуі – жаза екенін естен шығармайық. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 2974 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 7536 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 4723