Жеке сот орындаушылары – мемлекеттің белгілеген міндеттерін іске асырушылар. Бізде сот актісін міндетті түрде орындалу керек деген қағида бар. Егер қандай да бір тұлға мемлекеттің немесе басқа бір адамның құқықтарын шектесе, оны қалпына келтіріп, құқықтарының бұзылуына жол берілмеу керек. Осы тұрғыдан қарағанда жеке сот орындаушылардың қызметі әрине тиімді. Ал енді қызмет ерекшеліктеріне келер болсақ, жеке сот орындаушылар өзінің қызметін Қаза0стан Республикасы Әділет департаменті берген мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады. Түркістан облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің мамандары жеке сот орындаушы қызметімен айналысудың бағыт-бағдарын түсіндіру мақсатында жастармен кездесу өткізді. Сот орындаушылық қызметінің тиісті біліктілік талаптары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140 бабында көзделген: 1. Жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мұндай оқиғалар болғаннан кейiн үш жыл iшiнде;теріс себептермен мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан шығарылған адам шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде;»Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья лауазымынан босатылған адам босатылған күннен бастап бір жыл ішінде;жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаланған;психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде жеке сот орындаушысы бола алмайды.