Әлеумет Алып трактордың аккумуляторын ұрлаған ұры құрықталды Редактор 16.06.2022 7380 1 оқу мин Көктем мен жаз мезгілі диқаншы қауым үшін нағыз жұмыстың қыз-қыз қайнайтын уақыты. Жаздың әр күні қыстық азық екенін терең ұғынатын қауым әр сәтті босқа өткізбеуге тырысады. Алайда оңай жерден олжа тапқысы келгендер кедергі келтіріп-ақ бағады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Егін жинау уақытында тұрғын үйінің ауласының сыртында тұрған «К-700» маркалы трактордың құны 75 000 теңге тұратын 2 дана аккумляторын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 150 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Хабарламаны естіген тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Олар ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде оның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай күдікті жас жігіт сол көшеден күнделікті өтіп, бақылап жүрген. Ер адам ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Күдікті ұрлаған бөтеннің мүлкін арнайы аккумулятор қабылдайтын орынға алып барып өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. . Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 3572 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 8300 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 5256