Әлеумет Полицейлер жергілікті тұрғынның ауласынан есірткі тапты Редактор 16.06.2022 9119 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық полиция бөліміне ер адамнан жергілікті тұрғынның бірі есірткі өсімдігін егетіні және өсіретіні туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасы аясында күдікті анықталды. Тұрғынның ауласын тінту кезінде 7 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылды. Аталған өсімдікке сараптама тағайындалды. Нәтижесінде айғақты ретінде алынған зат «қарасора» есірткі өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 16878 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 25092 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 30566