Әлеумет Қауіпсіздік жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді Редактор 17.06.2022 13276 1 оқу мин Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін де түсіндірме жұмыстарын жүргізу құқық қорғаушылардың басты міндеті болып табылады. Сол үшін де су жағалауларын кезіп, аңыз атыздарды кезіп тәртіп сақшылары түсіндірме жұмыстарын жасауда. Жаз маусымында адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін, сақтамауының соңы орны толмас қайғы мен өкінішке әкеліп жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін полиция қызметкерлері арнайы жұмыстар атқарады. Мәселен, Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жасөспірімдерге арнайы судағы қауіпсіздік шаралары жайлы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға ата-аналарының қарауынсыз, рұқсат берілмеген аумақтарға бармау, суға ұзақ шомылмау, қоршау белгілерінен алыстамау, суда жүзе алмайтындар үшін арнайы балондарсыз бармау айтылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері балалар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға сумен байланысты қайғылы жағдайларды болдырмау үшін, қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5952