Әлеумет Қылмыспен күресу жолында ғана емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады Редактор 17.06.2022 13727 1 оқу мин Тәртіп сақшылары қылмыспен күресу жолында ғана емес, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтар болсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында спортшы полицейлерді департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов өзі арнайы марапаттады. Жеңімпаз тәртіп сақшысының бірі – полиция капитаны Жәнібек Айдарбек. Ол Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында ересектер арасында «Әмбебап» жекпе-жек спорт түрінен өткен жарыста «Спорт шебері» атағына қол жеткізген. Сонымен қатар қаламызда өткен «Грэплинг» спорт түрінен Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық турнирде 83 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған. Ал осы жарысқа 91 кг салмақта қатысқан полиция аға лейтенанты Жолдасбек Ануаров I-орынды иеленген. Аталған полицейлер арнайы медаль, дипломмен марапатталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 4225 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 40689 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 38426