Әлеумет Мұнай өнімдерін шекара арқылы тасымалдау артып отыр Редактор 17.06.2022 8002 1 оқу мин Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасындағы жоғары сұранысқа ие бензин маркалары құн айырмасының нәтижесінде, қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғызстан шекарасында шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын тасымалдаушы автокөлік құралдары санының ұлғайғаны байқалуда. Оның барысында тасымалдау ережелерінің бұзылуы да тіркелуде, яғни, зауытпен қарастырылмаған қосымша бензин бактарын орнату не оларды кеңейтіп алатындар аз емес. Тасымалдаушылардың осы санатына қатысты мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігіне шектеудің болмауы өткізу пункттеріне жүктемені едәуір арттырады және шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудырады. Бұдан басқа, жанар-жағармай тасымалдау үшін жеке автокөлікті пайдаланатын азаматтар көбіне қауіпсіздік ережелерін ескермейді, өз кезегінде бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Ұлттық Қауіпсіздік комиетінің Шекара қызметі қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында аталған тәсілмен жанар-жағармай тасымалдау әрекетінен бас тартуды ұсынады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Нұрлыбек Асылбеков халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті 15.07.2025 3591 Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 8365 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 5342