Әлеумет Құқық қорғаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы Редактор 18.06.2022 8147 1 оқу мин Парақорлық, жемқорлық сынды қоғам дертіне құқық қорғаушылар да қарсы. Сондықтан тәртіп сақшылары арасында да аталған дертке бой алдырмау үшін арнайы алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемде жиын өтті. Жиналысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Жүнісов пен қоғамдық кеңес төрағасы Бахыт Омарбеков, полиция қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты – елімізді құқық қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген полицейлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу. Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл осы бойынша әрбір бөлім қызметкерлеріне түсіндіру, ескерту жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиналғандар қоғамда белең алған бұл індеттің алдын алып, жұмыла күресетіндігін жеткізді. Бұл шаралардың барлығы жемқорлық фактілерін азайтуға бағытталған. Жиын соңында осы дертті жою мақсатында атқарылуы керек жұмыстар баса айтылып, бөлім басшыларына ауқымды тапсырмалар берілді. Сыбайлас жемқорлық індетін жою — баршамыз үшін міндет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 4225 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 40689 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 38426