Әлеумет Құқық қорғаушылар қоғам дертімен күресуде Редактор 18.06.2022 3172 1 оқу мин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы аса қауіпті індет болған соң, елімізде оған қарсы күрес қарқынды жүруде. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады. Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі бастамалар көтеріліп, жиындар ұйымдастырылып келеді. Құқық қорғаушылар да аталмыш қоғам дертімен күресті күшейтуде. Мәселен, жуырда Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықты болдырмау хақында мәжіліс өтті. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша басқарма басшысы Ержан Жүнісов, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев пен қоғамдық кеңес мүшесі Сейтхан Ақтаев және полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында жемқорлыққа жол бермеу және тосқауыл жасау туралы өзекті мәселелер талқыланды. Полиция қызметкерлеріне қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, әрбір мемлекеттік орган басшысы өз ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында тұрақты түрде түрлі шараларды қабылдап отыру жайлы сөз қозғады. Кездесуге келгендер біріккен арнайы бағдарламаларды жасақтауды, оларды жүзеге асыруда насихат жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіретіндіктерін айтты. Жиын соңы өзара пікір алмасуға ұласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 25.11.2024 1978 Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 32759 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 31059