Түркістан қаласында облыс прокуратурасы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірлесіп «Бизнесті қорғау және қолдау» тақырыбында Форум өткізді. Өңірдегі бизнес-климатты жақсарту бойынша ұсыныстарды мемлекеттік органдардың басшылары ғана емес, облыстық мәслихат депутаттары да, кәсіпкерлердің өздері де ұсынды. Жалпы жиында мемлекеттік органдардың бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылына қатысты өткір проблемалық мәселелер, оның ішінде заңсыз қылмыстық қудалау, сот дауларына негізсіз тарту, жер мәселелері және бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалардың жағдайы қаралды. Кездесуде бизнестің өкілдері жыл сайын егіс маусымы кезінде субсидия, дизель отыны және тыңайтқышты тарату барысында проблемалар кездесетінін алға тартты. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері бизнес қызметіне заңсыз араласуға жол бермеуге және рейдерлікке қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды күшейту жөніндегі жұмыстар туралы есеп берді. Өз кезегінде, жиынға қатысқан бизнесмендермен іс-шара оңды бағаланып, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы ынмақтастықтың артып жатқандығының анық көрінісі екендігін атап өтті. Форум қорытындысымен бірлескен ұсынымдар әзірленіп, олар бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.