Жалпы құқық қорғау саласына әке жолын жалғап, өмірлік жарын осында кездестіріп, полицейлер жанұясына айналған қызметкерлер санаулы. Солардың бірі полицейлер әулетінен шыққан, қазақ полициясының құрдасы, полиция капитаны Көкаршын Жолбарысханқызы Қанат Түркістан облысы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының жұмысын қадағалау және ұйымдастыру жөніндегі инспектор лауазымында қызмет атқарады. Ал оның жолдасы полиция капитаны Дінмұхаммед Масатиков Түркістан қалалық Полиция басқармасы ЖПҚБ КТІЖ УПИ лауазымында жемісті еңбек етіп жүр. Екеуі де Оңтүстіктің тумасы. Қос капитан да құқық қорғау органындағы алғашқы қызмет жолын Астана қаласының Полиция департаменті Есіл аудандық полиция бөлімінде бастап, тергеу саласында бірге қызмет істеген. Мұндай жауапкершілігі мол жұмыста маңызды міндеттер атқарып жүрген 30 жасар нәзік жанды капитан полицейлер династиясын құрған өз әулетін мақтан тұтады. — Қанат ақсақалдың 11 баласы болған. Атамыз құқық қорғау саласында мүлдем қызмет атқармаса да, 6 бірдей баласы құқықтану мамандығын таңдап, Ішкі істер органында абыройлы қызмет атқарды. Алты баланың ішінде менің әкем де бар болатын. Жолбарысхан Қанатұлы Пошатаев қызметіне адалдығын танытып, полицей деген атаққа кір келтірмей, көп ғұмырын ішкі істер саласына арнап, полиция подполковнигі шенімен зейнетке шыққан. Әкеміздің жолын қуып, өсе келе інім екеуміз полицей боламыз деп шешім қабылдадық. Қанат атамыздың қалған балаларынан тараған біз сияқты құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүрген немерелері баршылық. Полицей болу біздің әулетте дәстүрге айналып кеткен сыңайлы. Жолдасым екеуміз Есіл аудандық полиция бөлімінде бірге қызмет етіп жүріп, сонда шаңырақ көтердік. 2021 жылы қызмет бабымен жұбымыз жазылмай Түркістан облысына да бірге ауысып келдік. Қазіргі таңда 1 қыз бен 1 ұл тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты полицейлер бұл дәстүрді жалғап, ұрпақ сабақтастығына айналдырып, келешек бүлдіршіндері полицей боламын деп айтса, қуана-қуана қос қолдап қолдайтындарын жеткізді. Себебі Дінмұхаммедтің әкесі де зейнет жасына дейін ішкі істер саласында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде тыңғылықты істер тындырған. Ол ұлына антына адал, сертіне берік нағыз полицейдің жарқын бейнесін сомдап кеткен тұлға. Өмірде де, қызметте де жұптары жазылмаған, әке жолын қуған қос капитанға табысты еңбек, абыройлы қызмет тілейміз! Полиция династиясын жалғаған, әке жолын қуған ерлі-зайыпты капитандар Жалпы құқық қорғау саласына әке жолын жалғап, өмірлік жарын осында кездестіріп, полицейлер жанұясына айналған қызметкерлер санаулы. Солардың бірі полицейлер әулетінен шыққан, қазақ полициясының құрдасы, полиция капитаны Көкаршын Жолбарысханқызы Қанат Түркістан облысы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының жұмысын қадағалау және ұйымдастыру жөніндегі инспектор лауазымында қызмет атқарады. Ал оның жолдасы полиция капитаны Дінмұхаммед Масатиков Түркістан қалалық Полиция басқармасы ЖПҚБ КТІЖ УПИ лауазымында жемісті еңбек етіп жүр. Екеуі де Оңтүстіктің тумасы. Қос капитан да құқық қорғау органындағы алғашқы қызмет жолын Астана қаласының Полиция департаменті Есіл аудандық полиция бөлімінде бастап, тергеу саласында бірге қызмет істеген. Мұндай жауапкершілігі мол жұмыста маңызды міндеттер атқарып жүрген 30 жасар нәзік жанды капитан полицейлер династиясын құрған өз әулетін мақтан тұтады. — Қанат ақсақалдың 11 баласы болған. Атамыз құқық қорғау саласында мүлдем қызмет атқармаса да, 6 бірдей баласы құқықтану мамандығын таңдап, Ішкі істер органында абыройлы қызмет атқарды. Алты баланың ішінде менің әкем де бар болатын. Жолбарысхан Қанатұлы Пошатаев қызметіне адалдығын танытып, полицей деген атаққа кір келтірмей, көп ғұмырын ішкі істер саласына арнап, полиция подполковнигі шенімен зейнетке шыққан. Әкеміздің жолын қуып, өсе келе інім екеуміз полицей боламыз деп шешім қабылдадық. Қанат атамыздың қалған балаларынан тараған біз сияқты құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүрген немерелері баршылық. Полицей болу біздің әулетте дәстүрге айналып кеткен сыңайлы. Жолдасым екеуміз Есіл аудандық полиция бөлімінде бірге қызмет етіп жүріп, сонда шаңырақ көтердік. 2021 жылы қызмет бабымен жұбымыз жазылмай Түркістан облысына да бірге ауысып келдік. Қазіргі таңда 1 қыз бен 1 ұл тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты полицейлер бұл дәстүрді жалғап, ұрпақ сабақтастығына айналдырып, келешек бүлдіршіндері полицей боламын деп айтса, қуана-қуана қос қолдап қолдайтындарын жеткізді. Себебі Дінмұхаммедтің әкесі де зейнет жасына дейін ішкі істер саласында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде тыңғылықты істер тындырған. Ол ұлына антына адал, сертіне берік нағыз полицейдің жарқын бейнесін сомдап кеткен тұлға. Өмірде де, қызметте де жұптары жазылмаған, әке жолын қуған қос капитанға табысты еңбек, абыройлы қызмет тілейміз!