Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін отбасы институтын нығайту қажет деп санайтындар басым. Әрине, «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей отбасында дұрыс тәлім тәрбие көрген бала есейгенде жаняұсына қамқор, жұбайына құрметпен қарайтын болады. Өкінішке қарай, соңғы әлетте отбасының берекесін ұшырып, шырқын бұзып, әйелін сабап, бала -шағасын көшеге қуатын тирандар азаймай тұр. Осы бағытта яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты республикалық акция өтуде. Оған Түркістан облысындағы барлық аудандарда құқық қорғаушылардығ ұйымдастыруымен жүргізілуде. Тәртіп сақшылары тұрғындар көп шоғырланатын орындарға яғни, базарларға, саябақтарға, ойын сауық орталықтарына барып зорлық-зомбылық бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы 10-ға жуық плакаттар іліп, 100-ге тарта жадынамалар мен буклеттер таратты. Іс-шараға қатысқандар өздерінің тұрмысқа қатысты туындаған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Жанна Шалбекова, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын орындарға барды. Онда зорлық-зомбылық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлап, азаматтардың полиция органдарына деген сенімін арттыру мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр тұрғынмен жеке сөйлесіп, олардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар әйелдердің құқығы заңмен қорғалатынын қандай жағдайға тап болғанда полиция қызметкерлеріне хабарласу керектігі жайлы айтты. Әр азаматтың жеке құқығына қол сұғуға ешкімнің де хақысы жоқ. Сондықтан да құқығы тапталған әр азаматты тәртіп сақшылары қорғайтын болады.