Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы Еңбекші ауылдық округі бойынша бейуақытта бақылаусыз жүрген жасөспірімдердің саны азаймай тұр. Себебі, жазғы демалыс уақытында кәмелетке толмаған балалар жұмыс жасап, ата-анасына қолғабыс қылуды жөн көреді. Алайда, жұмыс берушілер 18 жасқа толмаған жандарды жұмысқа алып, арнайы еңбек шартын жасаспай, заңды аяқ асты қылып жататын деректер кездеседі. Мәселен, еңбек заңнамасына сәйкес, 14 жастан асқан бала ата-анасының жазбаша рұқсатымен, аптасына кемінде 24 сағаттан аспайтын жеңіл жұмыс жасауы тиіс. Кәмелет жасқа толмаған жандардың құқығы аяқ асты болмауы үшін жергілікті ювеналды полиция қызметкерлері «Жастар ресурстық орталығы»КММ аудандық акциясын өткізді. — Бұл шаралар жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істердің алдын алуда маңызды. Әсіресе, жаңа оқу жылы аяқталғандықтан бұған қатты қарауымыз керек. Бұл кәмелетке толмағандарға ішімдіктер, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтауға, түнгі уақыттарда заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін болдырмауға септігін тигізеді. Жасөспірімдердің ата-аналарымен, ұстаздарымен де бірлесе жұмыс жасаудамыз. Тәртіпке бағынған құл болмайды». Сондықтан, жет¬¬кіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүрмеуін ата-аналар қатаң қа¬даға¬лауы тиіс. Мұндай шара өзін-өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жас¬өспірімдерді түрлі заң бұзушылықтан сақтайтынын ес¬тен шығармаған жөн.